«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Қауңпсіздік сабағы

Жеке қауіпсіздік сабағы

«Буллингтен қорған» тақырыбы аясында 7 «А» сыныбында тәрбие сағаты өтті . Тәрбие сағатының мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу,
Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.
Сынып жетекшісі: Лаззат Тлепбергенова