«Жауқазын» қыздар ұйымында ерте жүктілік тақырыбында жиналыс өтті.
25.11.2024ж
«Жауқазын» қыздар ұйымында ерте жүктілік тақырыбында жиналыс өтті. Бұл шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулық пен жауапкершілікті дұрыс түсінуді қалыптастыру. Жиналысты қыздар ұйымының жетекшісі Исаева Дина және медбике Орахова Алтын жүргізді. Олар ерте жүктіліктің денсаулыққа, білімге және болашаққа әсері туралы түсінік беріп, қауіпсіздік шаралары мен өз құқықтары туралы ақпарат берді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді. Бұл шара оқушыларға денсаулықты сақтау, қауіп-қатерден аулақ болу туралы маңызды білім берді.

