«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шараларСеминар, тренинг

«Жас маман-жас педагог» атты психологиялық тренинг өткізді.

«Өмірге «ИӘ» деп айт» науқаны аясында мектеп психологтары ұжымдағы жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету, жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында «Жас маман-жас педагог» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг жағымды көңіл күй қалыптастыратын жаттығулармен басталып, «Мұнара» атты топтық жұмыстар жасалынып, әрі қарай «Маска», «Құм» терапияларымен жалғасын тапты. Тренинг өз мақсатына жетті.