“Жас ұстаз: табысқа апарар жол” атты форум өтті.
5.01.2024 күні Жас мамандардың ұйымдастыруымен мектебімізде алғашқы “Жас ұстаз: табысқа апарар жол” атты форум өтті.
Форум жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерлік рөлін, оларды тәрбиелеудегі патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Форумның негізгі мақсаты рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі патриотизм екенін, тек тәрбие, еңбексүйгіштік, Қазақстан тарихы мен әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне сыйластық жас маманға табысты және ертеңгі күнге сенімді болуға көмектесетінін атап көрсетті.