Жалпы ата-аналар жиналысы
Бүгін, 7 тамыз күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы «Мектеп формасы» туралы болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Мектеп формасы туралы заңмен таныстыру
2. Балаларға мектеп формасын алып берудегі құқықтар мен міндеттері
Қатысқандар:
Мектеп директоры: Бектембаева Зарипа Қызылқұлқызы
ДТІЖО: Бегенова Зерлеш
Ата –аналар үштігі
Ата-аналар : 40 ата-ана
Сынып жетекшілер
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:мектеп директоры Бектембаева Зарипа мектеп формасы туралы заңмен таныстырып жиналысты ашты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бегенова Зерлеш сөз алды: Мектеп формасы – білім алушының киім стилі.
Мектеп формасы келесі мақсатпен енгізілді:
— мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдау;
— тәртіпті нығайту;
— мектеп беделін нығайту;
— оқушы тұлғасының адамгершілік қасиеттерін дамыту, оның мәдениетін арттыру;
— қазіргі заман қоғамымен талап етілетін, мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру.
Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.
Мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде әзірленеді және барлық 1-11-ші сыныптарда білім алушылар үшін бірыңғай болып есептеледі. Барлық білім алушылар үшін киімнің түрі бірыңғай болуы мектеп формасының негізгі шарты екенін баса айтты.
Ағымдағы мәселелер бойынша ата- аналар кері байланыс жасап, өз ұсыныстарын жеткізді.



