“Жүрекке жазылған шежіре” Боранқұл ауылының Ұлы Отан соғысы ардагері Орақұлы Алуадиннің ұрпақтарымен тағылымды кездесу өтті.
29 сәуір күні Қарақұм мектебінде “Жүрекке жазылған шежіре” тақырыбында Боранқұл ауылының Ұлы Отан соғысы ардагері Орақұлы Алуадиннің ұрпақтарымен тағылымды кездесу өтті.
Шараға ардагердің ұл-қыздары, келіндері мен немерелері қатысты. Кездесу барысында Алуадин Орақұлының майдандағы ерліктері туралы бейнебаян көрсетіліп, оның өмір жолына арналған мазмұнды әңгімелер айтылды.
Мектебіміздің ардагер ұстазы, ардагердің ұлы Орақов Әміржан әкесінің қан майданға аттануы мен соғыстан кейінгі өмірі жайында естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар мектеп кітапханасына естелік ретінде кітап тарту етті.
Ұрпақтың батырға деген құрметі мен тағзымы — мәңгілік үлгі!

