«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Заманауи сынып жетекшінің педагогикалық шеберлігі” апталығы басталды!

17.02-21.02.2025 күндері аралығында сынып жетекшілер бірлестігінің апталығы ұйымдастырылды. Апталық барысында заманауи білім беру әдістері мен сынып жетекшілерінің шеберлігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

? Мақсаты: Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, озық тәжірибелермен бөлісу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
? Іс-шаралар: Ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, пікір алмасу алаңдары, ата-аналармен біріккен шаралар мен спорттық спартакиадасы.

Апталықтың ашылуын тәрбие жөніндегі орынбасар Бегенова Зерлеш сынып жетекшілерге арналған интеллектуалды сайыспен бастады.

Осындай мазмұнды апталық заманауи педагогтардың біліктілігін арттыруға және шәкірттерге сапалы білім беруге үлес қосады!