«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Республикалық челлендж

«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджі

«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджі өткізіліп жатыр.

«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

Міндеттері:

 білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту

 білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу

 еңбекке деген құрмет сезімін ояту.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм Мектебі 11 сынып оқушылары мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызып, «Капсула времени» атауымен болашаққа хат жазып, өз арман тілектерін хатқа енгізіп, барлығы құтыға хаттарын салып, ағаш түбіне көмді. Бұйыртса мектеп бітіргендеріне 10, 20 жыл болған уақытта құтыларын ашып, болашаққа жазған хаттарын оқитын болады.

Челленджі Опорный Орта Мектебі-нен қабылдап, Боранқұл Орта Мектебі-не жолдаймыз!!!!