«Тіл — достықтың кепілі» атты сынып сағаты
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында 6 «Ә» сыныбында «Тіл — достықтың кепілі» атты сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар тіл туралы ән шырқап, мақал-мәтелдердің мағынасын ашты. «Тіл — тас жарады, Тас жармаса да бас жарады» атты аңыз әңгіме тыңдап, оқушылар өз ой пікірлерімен бөлісті. Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпайық!





