“Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде” атты республикалық ғылыми-танымдық конференция 2024 жылдың 24 қарашасында өтті.
Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Yessenov University ұйымдастырған “Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде” атты республикалық ғылыми-танымдық конференция 2024 жылдың 24 қарашасында өтті.
Қазақстанның әр облысынан конференцияға ғалымдар, мектеп мұғалімдері, университет оқытушылары, сонымен қатар Франция, Түркия, Өзбекстан елдерінен Серікбол мұраларын зерттеуші ғалымдар қатысты. Филология, жаратылыстану ғылымдары және білім беру саласы бойынша қатысушылар өз зерттеулерін ұсынды.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекеева Гүлназ қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Республикалық көлемде іс-тәжірибесін таратқаны үшін ұйымдастыру алқасынан сертификатпен және Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!