Сәт сапар, жас түлек!
Сәт сапар, жас түлек!
Маңғыстау облыстық білім басқармасының Бейнеу ауданына қарасты «Қарақұм жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты «Сәт сапар, жас түлек!» атты аттестат тапсыру рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл күн – әр оқушының есінде қалатын, балалықпен қоштасып, үлкен өмірге аттанар ерекше сәт. Мектеп директоры Жайнагүл Бисенғалиева мен түлектердің ата-аналары жүрекжарды тілектерін арнап, жас түлектерге салтанатты түрде аттестаттарын табыс етті.
Жас түлектеріміз білім мен тәрбиені қатар алып, мектеп абыройын арттыру жолында аянбай еңбек етті. Олар аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобаларда, түрлі байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп, зор жетістіктерге қол жеткізді.
Жолдас Ислам, Жардемғали Қарақат және Төлеуғали Назерке – үздік оқуларының арқасында қызыл аттестат иегері атанды.
Алдағы өмір жолдарың жарқын болсын, түлектер! Армандарыңа жетіп, еліміздің мақтаны болыңдар! Ақ жол, болашақ иелері!