«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Құттықтау

Республика күні қарсаңында, бір топ шабандоз ұлдарымыз өз құттықтауларын жіберіпті.

Тебініп келем, емініп келем ентелеп,

Көкдөнен көңіл көсіліп кеткен құйындап.

Сыймайды сол сәт шабысты жырға өлшемің,

Мінез мұхиттың танытып тасқын мөлшерін.

Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.

Қарақұм мектебінде жылқы баптап, атқа шауып, бәйгеге түсіп жетістікке жетіп жүрген оқушыларымыз көп. Бос уақыттарында ат жаратып, ауылымыздың атбегілікпен айналысып жүрген азаматтарына көмек беріп жүрген оқушыларымыз да аз емес.

Міне, 25 қазан Республика күні қарсаңында, бір топ шабандоз ұлдарымыз өз құттықтауларын жіберіпті. Мереке құтты болсын!!!