«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Отбасы-бақыт мекенім” сынып сағаты өтті.

Бүгін 5”Ә” сыныбында “Отбасы-бақыт мекенім” тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты оқушыларға отбасы құндылығы туралы түсініктерді,отбасы туралы ұғымдарын кеңейту,оны сүйе білуге,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Сынып сағатында отбасы сөзіне ассоциация құрылып,отбасы негізі неде,отбасының берекелі болуы кімге байланысты сынды сұрақтарға жауап берілді. Отбасылық құндылық ағашына құндылықтар орналастырылды. Отбасына қатысты мақал-мәтел жарысы өтіп, көркемсөздер оқылды. Ата-анадан балаға хат айдары арқылы аналардың жүрек жарды тілектері балаларына жеткізілді.
Сынып жетекшісі: Жазмұханова Несібелі