«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

«Наурыз — берекелі, Наурыз — мерекем» атты тәрбие сағаты өтті

15.03 күні 6 «Ә» сыныбында «Наурыз — берекем, наурыз-мерекем!» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар 4 топқа бөлініп сайысты. Олар таныстыру, сиқырлы қалам, асық ату және иіру, ою ойғанның ойы ұшқыр, қол күрес және арқан тартыс бөлімдері бойынша сынға түсті. Шара барысында оқушылар би билеп, ән салды. Көрермендерден дастарқанның батасын сұрап, амал күнінің ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін айтты. Оқушылар тәрбиелік шара арқылы көптеген көне сөздердің мағынасын түсінді. Салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар жалғасын таба берсін.
Сынып жетекшісі: Санзира Берикбаева