“Нашақорлық – ғасыр дерті” атты іс-шара
Қарақұм мектебінде 8-11 сынып оқушыларына арналған “Нашақорлық – ғасыр дерті” тақырыбындағы маңызды шара өткізілді. Бұл іс-шараны мектеп инспекторы С.Тайтуров пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Бегенова ұйымдастырды.
Шара барысында оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін әсері туралы түсіндіріліп, алдын алу шаралары талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
Осындай тәрбиелік шаралар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді және олардың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуді көздейді.
Біз дені сау ұрпақ үшін бірге күресейік!