«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің байқауы

“Мен заңды қаншалықты білемін?” тақырыбында эссе байқауы болып өтті.

14.11.2023 күні “Қарақұм жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқаны аясында 8 сыныптар арасында “Мен заңды қаншалықты білемін?” тақырыбында эссе байқауы болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.

Эссе байқауына 8-сыныптардан 8 оқушы қатысып бақтарын сынады. Нәтижесінде II дәрежелі дипломмен 8 “Ә” сынып оқушылары Ғаниқызы Альфия мен Дүйсенғали Аида, I дәрежелі дипломмен 8 “А” сынып оқушысы Алпамыс Каусар марапатталды. Басқа қатысушылар III дәрежелі дипломмен және де Грамоталармен марапатталды.