«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің байқауы

«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» атты әжелер мен немерелер арасында байқау

Ақпан айының 10 күні «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» атты әжелер мен немерелер арасында байқау өтті.

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік пікір айтуға, сөз саптауға, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Ата-аналармен мектеп байланысын дамытуға, халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, іскерлік негізінде тәрбиелеу. Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары ала таудай атасы мен аналардың анасы-әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету –халықтық дәстүр екендігін ұғындыру.

Байқау төмендегі шарт бойынша өткізілді.

1. «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»- таныстыру( қалай таныстырсада өз еріктерінде)-2 минут

2. «Сыр сандық»-сұрақ-жауап сайысы -2 минут

3. «Өнерлі саусақтар»-үй тапсырмасы. Әжелер мен немерелер қол шеберліктерін ортаға салады.( әже мен немеренің бірлесіп жасаған жұмысын көрсетіп, дайындалу жолын түсіндіреді) тағам,бұйым т.б өз қалауымен-2 минут

4. Аналар туралы.( бір аңыз айтып беру) -3-5 минут

5. «Жақсы сөз, жарым ырыс»-бата беру рәсімі. (Берілген батаның сөз маңыздылығы бағаланады) -2 минут

Бойында мейірім ақ жүрек

Жақсылыққа толы ақ тілек.

Қуаныш әже келді міне,

Немересіне бақ тілеп №1 Шыңғысқызы Сабина Қазиева Қуаныш әжесімен

Жанұясының тірегі

Тіршіліктің жүрегі

Әжесі бақыт ордасы

Мәпелеген жыр елі- деп ортаға №2 Батырбай Дарын Досыбекова Тұрған әжесімен

Сыздайтұғын жүрегі

Құлап қалса сүрініп.

Мақпал әжей кеп отыр

Қамқор болған балаға №3 Ақкерей Мерей Байтова Мақпал әжесімен

Менің әжем – шежіре,

Көп ертегі біледі.

Сыртта жүрген кезінде,

Бізді ойлап жүреді № 4 Мамыров Дәулет Мамырова Талшын әжесімен байқауда бақ сынады.

Халқымыздың «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөзі бар. Бала жөнінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз былай деп жырлаған екен.

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немереңнің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен.

Нағыз балаң ойласаң

Немере деген тәтті екен,- деп қатысушы әжелерге үлкен рақмет айтамыз!!!!

Шараға қатысқан әжелер мен немерелер жүлделі орындармен марапатталды.