«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

«Мен өз құқығымды қорғай аламын» тақырыбында буклет жасап, өздерінің ойларын ортаға салды.

Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде «Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз- балалық шақ» науқанында 6″Ә» сынып оқушылары «Мен өз құқығымды қорғай аламын» тақырыбында буклет жасап, өздерінің ойларын ортаға салды. Онда адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек екендігі түсіндірілді. Әр елдің өз азаматтарына арналған Заңы, Конституциясы бар. Бұл заңда адам құқығынан бөлек міндеттері қоса көрсетілген. Осы тақырып аясында оқушылар буклет қорғай отырып, өз міндеттері мен құқықтары туралы түсінік қалыптастырды.

Сынып жетекшісі: Санзира Берикбаева