«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің акциясы

«Мектепке жол» акциясы!

«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына кө­мек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған акция болып табылады. Бұл акцияның уақыты 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында. Акция басталғалы ақшалай, киімдей және сабақ құралдарымен қайырымдылыққа үлес қосып жатырған жандар көп.

Айта кетсек,«Боранқұл футбол лигасы» қайырымдылық футболын ұйымдастырып, 120 мың теңгелік сертификат табыстады. Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда кәсіпкер Нұрсұлтан Бақтыбай 20 балаға мектеп формасын сыйлады.

Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары спорттық киімдер, сабақ құралдарын т.б қажеттіліктермен қамтамасыз етуде.

Акцияға атсалысқан әрбір жанға үлкен алғысымызды білдіреміз!