«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Мектеп инспекторы А. Токеевтің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Мектеп инспекторы А. Токеевтің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар, бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.