«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ

Мектеп басшылығы

Бектембаева Зарипа Қызылқұлқызы — Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «КАРАКУМ жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры

     Бектембаева Зарипа Қызылқұлқызы 1963 жылдың 20 cәуірінде Гурьев облысы, Ембі ауданы, Ақкиізтоғай селосында дүниеге келді. 1980 жылы «Амангелді» атындағы орта мектепті аяқтады. Сол жылы «Гурьев педагогикалық институтына» физика-математика факультетінің физика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, 1984 жылы бітірді. Алғашқы педагогикалық еңбек жолыy Қарақұм орта мектебінен физика пәні мұғалімі қызметімен 1984 жылы бастады. 1984 жылдан 2006 жылға дейін аталған мектепте физика пәні мұғалімі, 2006 жылы әдіскер болып, 2007 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 2008 жылдың қазан айынан бастап Опорный орта мектебіне ауысып, еңбек жолын сол мектептің директоры болып жалғастырды. 2016 жылға дейін Опорный мектебінде басшылық етіп, сол жылы Қарақұм орта мектебінің директоры болып бекітілді.

Жетістіктері:

2018ж. — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы».

2020ж. — Бейнеу аудан әкімінен «Алғыс хат».

2021ж. — Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінен  «ІІ дәрежелі диплом».

2021ж. — «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен» Алғыс хат.

2022ж. — Маңғыстау облысы әкімінен «Алғыс».

2022ж. — «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығының «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналынан «Алғыс хат», 2022 жыл

Отбасында жолдасы Амиров Наби Габидоллаевич. 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.