Мектеп қызметкерлерінің және психолог, мектеп медицина қызметкері, ата-аналары қатысуымен «Адам папиллома вирусы».
24.09 күні «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ де мектеп қызметкерлерінің және психолог, мектеп медицина қызметкері, ата-аналары қатысуымен «Адам папиллома вирусы. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбында семинар өткізілді. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Қауынбаева Несібелі Ержанқызы ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне түсіндірсе жұмыстарын жүргізді. Онда 6-7-8 сынып оқушыларына (11-12-13жас) адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы ақпараттар, АПВ-ға қарсы вакцина бойынша ақпараттар, АПВ -на қарсы екпесіне медициналық қарсы көрсетілімдер және оның жағымсыз әсерлері туралы ақпараттар беріп өтті. Келген ата-аналармен пікір алысып, ұсыныстарын тыңдады.





