«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Сынып сағатты

«Мейірімділік пен қайырымдылық» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Ақпанның үшінші жұлдызында 7 «Ә» свныбында «Мейірімділік пен қайырымдылық» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Оқушылар мейірімділік сөзінің мағынасын ашып, қайырымдылық тақырыбында постер қорғады. Жылы жүректерінен шыққан сөздерін достарына жүрекшелер арқылы көрсетіп, сөзден іске көшуді мақсат етті. Көктемгі құстарға ұя жасап, оны ағашқа орнатты. Бірігіп жасалған осындай қайырымды істен оқушылар да шабыттанып, игі іс жасауды әдетке айналдыруды мақсат етті.