«Кімге алғыс айтар едіңіз?» дөңгелек үстелі
Жақында «Жауқазын» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Кімге алғыс айтар едіңіз?» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың бойында алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, жақындарына, ұстаздарына, айналасындағы адамдарға ризашылық білдірудің маңыздылығын түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар алғыс айту ұғымының мән-мағынасын талқылап, өз өмірлеріндегі маңызды адамдарға деген ризашылықтарын білдірді. Шара барысында шынайы әңгімелер, жылы лебіздер мен естеліктер айтылып, қатысушылар арасында ерекше рухани байланыс орнады.
Іс-шараны «Жауқазын» ұйымының жетекшісі Исаева Дина ұйымдастырып, жастарға алғыс айту мен мейірімділік танытудың өмірдегі рөлі туралы әсерлі ойларын жеткізді. Бұл кездесу қатысушыларға тек алғыс айту ғана емес, жүректерінде мейірім мен жылулық ұялатқан ерекше шара болды.
Осылайша, «Кімге алғыс айтар едіңіз?» дөңгелек үстелі барлық қатысушыларға рухани азық сыйлап, айналасына мейіріммен қарауға, алғыстарын білдіруге шабыт берді.
«Алғыс қоңырауы» ойыны арқылы қызбалалар өздерінің ат-аналарына, аға-апаларына және достарына телефон шалу арқылы жылы да әдемі тілектерін жеткізді. Дөңгелек үстелдің әсерлі болғаны сондай көз жасымызға да ерік берген сәттер болды. Ойындар ұйымдастырылу барысында, қызбалалар арасындағы бір-біріне деген сыйластық пен жылылықтың сезілгені байқалды.



