Кезектен тыс өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы
2025 жылдың 17-ші сәуірінде «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ-де кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Балалар қауіпсіздігі – оқушылардың мектеп ішінде және одан тыс жерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен бірлесе жұмыс атқару жайы талқыланды.
- Көктем мезгіліндегі табиғат аясына демалысқа тыйым салу – суға түсу, ата-анасыз жүру сияқты жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- “Жасөспірім” жедел профилактикалық рейдінің өтуі – кешкі уақытта рейдтік шаралардың жүріп жатқаны, оқушылардың түнгі мезгілде көшеде заңсыз жүруіне жол бермеу қажеттілігі айтылды.
- Ағымдағы мәселелер – оқу-тәрбие процесі, мектеп формасы, сабаққа қатысу тәртібі және басқа да мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді. Ата-аналар тарапынан ұсыныстар да айтылып, мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тапты.