“Көңіл күйіңді көтер”
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша “Көңіл күйіңді көтер” тақырыбында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде эмоцианалды белгілері бойынша, гипербелсенділігі бойынша, қатарластарымен қарым-қатынастағы қиындықтар бойынша ешқандай оқушы анықталған жоқ. Тек әлеуметтік талаптарға сай белгілері бойынша шекаралас 3 оқушы анықталды. Осы оқушылармен тузету-дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатында ендігі жерде сыныптарға ағартушылық жұмыстармен тренинг сабақтар жоспарланды.



