«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Күз-мереке, күз-береке атты алтын күз сайысы болып өтті.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды, атап айтар болсақ 1.Кел танысайық

2. Өнерің өрге жүзсін

3. Күз сыйы (қолөнер)

4. Пародия

5. Сән үлгісі

Осы кезеңдерге қатысушылар белсене атсалысып қатысты. Сол қатысушылардың ішінен топ жарып бас жүлдеге 6 “А” сынып оқушылары Құдайберген Даулет пен Нұржаубай Ләзиза ие болды. Қалған қатысушыларымыз 1,2,3-ші орындарды қанжығаларына байлап, әртүрлі номинацияларға ие болды. Алтын күз сайысына белсене атсалысып қатысқан қатысушыларымызға алғысымызды айтамыз.

Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Орынбасарова Сымбат