«Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен ана тілінде»
Мектебімізде ақпан айының 5-9 аралығында «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталыққа жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері апталықтың жоспарына сай әр күнде іс- шаралар өткізді. 5 ақпан апталықтың ашылу болды. Оқушылар апталықтың мақсаты мен жоспары туралы танысты. Апталықтың екінші күнінде 6 ақпанда қазақ ақын, жазушыларының шығармашылығы туралы сұрақ-жауаптар болды. 7 ақпан күні «Қызықты қазақ тілі» атты 6-7-сыныптар интеллектуалды сайыс өтті. 8 ақпан күні С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М. Жұмабаев өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. 9 ақпан күні
Хан Тәңірі атанған қазақтың ақыны М. Мақатаевтың туған күніне орай поэзия кеші өтті. Кешке оқушылар мен қатар мұғалімдер де ақын өлеңдерін жатқа оқып, әндерін айтты. Апталыққа белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.