«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант
Қарақұм жалпы білім беретін мектепте 4 мамыр күні сағат 10.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты жазылды. Диктантты өткізудің мақсаты — еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Диктантқа мектебімізден 30 мұғалім, 12 техникалық қызметкер, 98 оқушы қатысты.





