“Еңбек түбі-береке” атты подкаст өтті.
27.09.2024ж
Мектебімізде оқушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында “ Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Еңбек түбі-береке” атты подкаст өтті. Ауылымыздың ардақты азаматтары мен бүгінгі күнде әр салада еңбек етіп жүрген аға буын және жас мамандар шақырылды. Жас жеткіншектерге кәсіптік бағдар беру мен мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттайтын ойларын ортаға салған Құлжанов Сапарбай ағайға, Молдағалиев Сансызбай ағайға,Кетеев Қолғанат ағамыз бен мектеп түлегі Дүйсенғали Дарынға алғыс білдіреміз.
Өткізген: кәсіптік бағдар беру педагогі Ізбасарқызы Пәкизат.




