«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Даналық мектебі” жобасы аясында

Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде “Жеңгелерге жеті кеңес” тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жеңгелік жолдың жауапкершілігі мен мәнін түсіндіру, отбасылық тәрбие, әдеп пен салт-дәстүрді дәріптеу.
Іс-шара барысында ұлттық тәрбиенің құндылықтары, жеңгенің келінге, қайынсіңліге, отбасына деген үлгісі жайында тұшымды кеңестер берілді.
Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе бөлісті.