«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Даналық мектебі” – Ұлт құндылықтарын ұлықтаған тағылымды шара!

Мектебімізде “Атадан қалған – өсиет, анадан қалған – қасиет” атты әжелер мен аналарға арналған ұлттық тәрбиеге толы шара өтті.

“Даналық мектебі” жобасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада келген қонақтарымыз жүн түтіп, көрпе жасап, ұршық иіру секілді ұлттық дәстүрлерімізді көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында оқушылар да белсене қатысып, әжелер мен аналардан тағылымды тәрбие мен өмірлік өнеге алды. Қазақы құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттаған бұл кездесу бәрімізге ерекше рухани әсер сыйлады.