«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Кітапхана іс-шара

Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқықтық қорғау күніне оқушылармен және мектеп ұстаздарымен кездесу өтті.

Қарақұм жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқықтық қорғау күніне оқушылармен және мектеп ұстаздарымен кездесу өтті.
Кездесуге Бейнеу ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қидасов Жолдас ағай, қазақ тілі пәні мұғалімі Мекеева Гүлназ және 9 сынып оқушылары қатысты.
Келген қонақтар оқушыларға өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, білімнің көзі кітапта екенін, кітап оқу арқылы биік шыңдарды бағындыра алатынын ұғындыра білді.