“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз”
“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз”
Өткізілген орны: Қарақұм жалпы білім беретін мектебі
Күні: 6.12.2024
Қатысушылар: Мектеп оқушылары мен мұғалімдер
Шараның мақсаты:
• Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
• Денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және оны сақтау жолдарын үйрету.
• Белсенді өмірге ынталандыру арқылы физикалық және рухани саулықты нығайту.
Шараның барысы:
Кіріспе:
Флешмоб ұйымдастырушысы салауатты өмір салтының маңызы туралы қысқаша ақпарат беріп, оқушыларды белсенділікке шақырды.\
Негізгі бөлім:
-Мектептің спорт алаңында барлық қатысушылар дене жаттығуларын бірге орындады.
-Флешмоб барысында белсенді музыканың сүйемелдеуімен спорттық қозғалыстар мен түрлі топтық жаттығулар жасалды.
-“Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!” атты ұрандар көтеріліп, флешмобтың жалпы тақырыбына сай көңілді атмосфера орнады.
Қорытынды:
-Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісті.
-Барлық қатысушыларға алғыс айтылды.
Нәтиже:
Флешмоб оқушылардың белсенді өмір сүруге деген қызығушылығын арттырып, ұжым арасында жағымды көңіл-күй қалыптастырды.

