«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектебімізде « Мамандықтың бәрі жақсы…» тақырыбында шара өтті.

«Мамандықтың бәрі жақсы…» ⚜️

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектебімізде « Мамандықтың бәрі жақсы…» тақырыбында шара өтті.

Шараның мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

Шараға ауылымызда еңбек етіп жүрген түрлі мамандық иелері мен кәсіпкерлері шақырылды.

Боранқұл Мәдениет үйінен ауылымыздың мәдениет саласын көтеруде үлкен үлес қосып еңбек етіп жүрген

Гулжан Карабалина

Куланда Азаматова

Сейфулла Кетиев мәдениет саласының қыр-сырларын түсіндіріп, өз өнерлерін көрсетті.

Боранқұл ауылдық ауруханасының балалар дәрігері Айзат Ұзаққызы өз саласының қызығы мен қиындығын айта отырып, балаларға қорықпай өз мамандығын таңдау керектігін айтты.

Өз мамандығы бола тұра, кәсіпкерлікке бет бұрып жүрген Нұржамал Мұратқызы кәсіпкерлікке хоббиі арқылы келгенін баяндады.

Кітапханашы Орамахова Жанат ұялы телефоннан оқушыларды алыстату мақсатында, түрлі жобалармен жұмыс жасап жатырғандығын, кітапханашының жақсы мамандық екенін атап өтті.

Оқушылар сұрақтар қойып, өздері болашақта қандай маман иесі болатындықтарын айтты. Бірі мұғалім, бірі дәрігер, бірі аспазшы, бірі дәнекерлеуші, бірі хирург, бірі кәсіпкерлікті таңдайтындарымен бөлісті.

Шараға келген әрбір қонаққа мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс білдіреміз!