«Биология сабағында білім сапасын арттыруда зерттеу жұмыстарының маңыздылығы» аудандық семинар біздің мектебімізде өткізілді.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және биология пәні қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 21 ақпан күні мұғалімдердің шығармашылық қабілетін шыңдау, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Биология сабағында білім сапасын арттыруда зерттеу жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өткізілді.
Семинарда «Маңғыстау жағдайында көгалдандыру үшін сүректі өсімдіктердің микроклондық көбею ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбында Ақжігіт жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Төлесінова Нұргүл, «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу» тақырыбында Қарақұм жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Космуратова Гулбаршын және «Мектеп жанындағы жылыжайдың агротерапия әдісі бойынша сауықтырудағы маңызы» (іс-тәжірибе тарату) тақырыбында Бейнеу жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Шаханова Сауле және Үстірт жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Таңатарова Асыл өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған семинарға жалпы білім беру ұйымдарынан 20 мұғалім қатысты.