«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

«Білімім-Отаныма» атты 6-сыныптар арасында сынып сағаты өтті.

4 мамыр «Білімім-Отаныма» атты 6-сыныптар арасында сынып сағаты өтті. Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт — білім. Дана бабаларымыз «Күш — білімде, білім -кітапта» деп бекер айтпаған. Сынып сағат барысында алдымен оқушылар мен ұстаздар әнұран шырқап, кейін 2023-2024 оқу жылы ішінде сайыстар мен олимпиадаларға қатысқан оқушылар марапатталды. Сынып сағаты «Білім- болашақтың бастауы» атты сайыспен жалғасты. Мақсаты- жан-жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту. Шара барысында оқушылар үш бөлім бойынша бақ сынап, сұрақ-жауап, пирамида құрастыру, білім шыңы бөлімдері бойынша сынға түсіп, «Ұшқырлар» тобы жеңіске жетті