«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинап мектеп президенті лауазымына 11 «Ә» сынып оқушысы Болатов Арсен Қанатұлы ие болды.

2023 жылдың қазан айында Мектеп Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлауға 6 үміткер қатысып, өз идеяларымен мектептің әлеуметтік парақшасына ұсынып, бағдарламаларымен ой бөлісті. Сонымен бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинап мектеп президенті лауазымына 11 «Ә» сынып оқушысы Болатов Арсен Қанатұлы ие болды.

Сайлауға түскен басқа үміткерлер өзін-өзі басқару ұйымының министрлері болып қабылданды. Олар:

Білім министрі — Молдашева Инабат

Тәртіп министрі – Ғалымбек Әділет

Спорт министрі – Сатыбалды Рамазан

Ақпарат министрі – Кенжетай Нұрасыл

Мәдениет министрі – Изгалиева Бибінұр

Мектеп директоры Зарипа Бектембаева оқушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.