“Ауған асуында от кешкендер” атты кездесу кеші өтті
“Ауған асуында от кешкендер” атты кездесу кеші өтті

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 36 жыл толуына орай Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде “Ауған асуында от кешкендер” атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагері Аманкелді Шоналбаев ағамыз арнайы шақырылды.
Кеш барысында ардагеріміз жас ұрпаққа Ауған соғысының тарихи маңызы, сол кезеңдегі сарбаздардың ерлігі мен бастан кешкен қиындықтары туралы әсерлі әңгіме айтты. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, патриоттық рухта тағылымды кездесудің куәсі болды.
? Ерлік ешқашан ұмытылмайды! ?
?? Батырларымыздың ерлігі – өскелең ұрпаққа үлгі!



