«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ашық сабақ

Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өткізілді.

18.10.2024
«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп»КММ-де ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өткізілді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мақсаты — балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту-тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.

Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

5”А” сыныбының сынып жетекшісі Гүлназ Мекеева “Барлық отбасымен дұрыс тамақтану” тақырыбына тоқталып сабақ өткізді.
Жиналыс сонымен қатар мектеп психологтарының қатысуымен тренингтер ұйымдастырылды.