«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жазғы демалыс, лагерлер

“Алау” жазғы танымдық лагерінің ашылу салтанаты

Бүгін 05 маусымда “Қарақұм ЖББМ” КММ-де “Алау” жазғы танымдық лагерінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанаты мектеп басшысы З.Қызылғұлқызының сөзімен басталып, оқушылардың өз өнерлерімен жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ 4-сынып оқушылары Флешмоб, “Қазақ” биі, “Гүлдер” биі, “Болашағы біз елдің” және МАД сынып оқушылары Дана мен Аружанның және мультфильм кейіпкерлерінің “До ре ми” биімен жалғасты.

Ашылу салтанаты аяқталған соң оқушылар “Сұңқар”, “Бүркіт” және “Болашақ” атты 3 топқа бөлініп өздерінің топ аттарымен және ұрандарымен танысты. Шаттық шеңберіне тұрып “Қош келдің балақай” танысу тренингімен бастадық. Одан соң тілектер жазылған шарларды әуеге ұшырды. Осындай көңілді концерт, тренинг және ойындардан соң оқушылар түскі аспен ауқаттанып үйлеріне көңілді тарасты.