«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Алау” танымдық лагері өз жұмысын бастады.

Маусым айының 2-сі күні Қарақұм жалпы білім беретін мектетібінде “Алау” танымдық лагері өз жұмысын бастады. Лагерьге жалпы саны 90 бала тіркеліп, лагердің алғашқы күні белсенді әрі көңілді басталды. Оқушылар қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінді: «Балдаурен», «Жалын», «Шабыт», «Балдырған». Күннің басында балаларға таңғы ас берілді. Таңғы астан соң лагерьдің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Бәріміз бірігіп «Ариива» биін көңілді көңіл-күймен орындадық.
Салтанатты шарадан кейін танымдық танысу шеңбері ұйымдастырылып, балалар өзара танысып, топ ішінде серіктестік орнатты. Одан кейін асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салу белсенділігі өтті. Балалар қиялдарына ерік беріп, әсем әрі мазмұнды суреттер салды. Күннің соңында балаларға балмұздақ таратылып, түскі ас ішілді. Белгіленген уақыттан кейін оқушылар үйлеріне таратылды.Күн бойы оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, белсенділікпен қатысты. Алғашқы күн өз мақсатына сай қызықты және мазмұнды өтті.