«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

Алғыс айту – ізгіліктің белгісі!

Алғыс айту күні қарсаңында мектебіміздің 11-сынып оқушылары ауылымыздағы түрлі мекемелерді аралап, қызметкерлерге өз ризашылықтарын білдірді. Оқушылар ауыл әкімі Сиық Айтбайға, Боранұл Боранқұл Мәдениет үйі ұжымына, Боранқұл ауылдық ауруханасы ұжымына, Боранқұл ауылдық полиция ұжымына, Опорный ЖББМ және Боранқұл ЖББМ ұжымына жылы лебіздерін айтып, тәттілерін табыстады.

Бұл шара жақсылыққа бастар жол, мейірім мен сыйластықты арттыратын игі дәстүрге айналмақ!

? Алғыс айта білейік, ризашылық білдіруді ұмытпайық!