Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 12.10.2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады. Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, www.egov.kz веб-порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
- 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
- қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері: - Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау;
- Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Қосымша ақпарат:
Қарақұм жббм
Мектепке қабылдау бойынша жауапты маман директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Акоразова Жанат Темирбаевна Тел: 87073261525