Жетістіктер
17.02.2025жыл
Құттықтаймыз!
Баскетболдан 2010-2011 жылы туған жасөспірім ер балалар арасындағы Маңғыстау облысы чемпионатының аудандық іріктеу жарысында Қарақұм жалпы білім беретін мектебі жүлделі III орынға ие болды!
Сонымен қатар, команда ойыншысы Ермек Бекзат өзінің шебер ойынымен көзге түсіп, “Үздік қорғаушы” номинациясымен марапатталды.
Жетекшісі: Мырзағұл Ернар
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!



5 қазан «Мың алғыс саған ұстазым!» тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Жиын басы мектеп директорының құттықтау сөзімен басталып, кәсіподақ ұйымының жетекшісі Құлманова Жеміс марапаттарды табыстады. Мерекеге орай ұстаздар арасында волейболдан сайыс, мәнерлеп оқудан ұйымдастырылған шаралардың қорытындысын анықталды. Жиын әрі қарай оқушылар мен жас мамандардың мерекелік концертімен жалғасты. Мереке құтты болсын ұстаздар!!!!