«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Мерген ару – 2025” сайысы өтті. 8-10 сынып қызбалалары байқауда өздерінің мергендік қабілеттерін, ептіліктерін және шыдамдылықтарын көрсетті.

«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2024-2025 оқу жылының наурыз айында “Мерген ару – 2025” сайысы өтті. 8-10 сынып қызбалалары байқауда өздерінің мергендік қабілеттерін, ептіліктерін және шыдамдылықтарын көрсетті.
Мақсаты: қыз балалардың мергендік қабілеттерін, ептілігін және шыдамдылығын дамыту.
Отансүйгіштікке, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Қатысушылардың дене дайындығын нығайтып, спортқа қызығушылығын арттыру. Жауапкершілік пен өзіне деген сенімділікті қалыптастыру. Қыздардың ұжымда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Қыздар сайысқа үлкен дайындықпен келіп, белсенділік танытты. Жарыс барысында олар түрлі кезеңдерден өтіп, өз шеберліктерін дәлелдеді. Сайыс нәтижесінде Кенжеханқызы Назерке үздік шығып, “Мерген ару – 2025” атағын иеленді. Бұл сайыс тек жарыс қана емес, сонымен қатар қыздарымыздың ержүректілігі мен қайсарлығын, ізеттілігі мен инабаттылығын дәріптейтін шара болды.