Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында ата-әжелермен кездесу өтті!
Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында ата-әжелермен кездесу өтті!
? Бүгін мектебімізде ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында “Даналық мектебі” жобасы аясында тағылымды кездесу өтті. Бұл шараға ауылымыздың қадірлі ата-әжелері шақырылып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, салт-дәстүр, ата-баба мұрасы туралы тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
? Кездесу барысында оқушылар жеті ата, ұлттық салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, қазақтың шешендік өнері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, жастар мен үлкендердің арасындағы байланыс, отбасы құндылықтары жайлы маңызды сұхбат өрбіді.
? Шараның басты сәттері:
✅ Ата-әжелердің өмірлік ақыл-кеңестері;
✅ Ұлттық ойындар мен мақал-мәтел жарыстары;
✅ Оқушылардың сұрақ-жауап алмасуы;
✅ Ақсақалдардың ақ батасы.
✨ Осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынның ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! ?
ДаналықМектебі #ҰлттықҚұндылықтар #ҰрпақСабақтастығы #МектепЖаңалықтары