«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ашық сабақ

11-сынып оқушылары арасында «Уақыт машинасы: Ғалымдар ғасырынан хат» квест ойындары жүргізілді.

Мектеп командасы: Ph&M time жобасы аясында 11-сынып оқушылары арасында «Уақыт машинасы: Ғалымдар ғасырынан хат» квест ойындары жүргізілді. Оқушылар әр кезеңге саяхат жасап Архимед, Ньютон, Эйнштейн сияқты ғалымдардың тапсырмаларын орындады.Мақсаты:Оқушыларды тарихи тұлғалармен таныстырып, олардың ғылыми жетістіктерін терең түсінуге мүмкіндік беру. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы физика мен математикадан алған білімдерін тәжірибеде тексеріп, әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Ойынның қызықты әрі білім беру бағытындағы форматы оқушылардың ғылыми пәндерге деген қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс, шығармашылық және табандылық дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.