Көркем еңбек сабағында шығармашылық жоба!
Мектебімізде көркем еңбек сабағында оқушылар гипстен бұйымдар жасауға үйренуде. Сабақтың басты мақсаты – бөлме интерьерін безендіруге арналған сәндік контейнерлер (гүл құмыралары) мен гипс фигураларын дайындау және жасау.
Оқушылар гипстің әртүрлі рецептері мен әдістерін зерттеп, өз қолдарымен әдемі әрі ерекше бұйымдар жасап шығарды. Бұл шығармашылық процесс қолөнер дағдыларын дамытуға, эстетикалық талғамды қалыптастыруға және ұсақ моториканы жетілдіруге көмектеседі.
? Қолөнер – шабыттың бастауы!
? Өз қолыңмен жасаған бұйым – ерекше сән мен жылулық сыйлайды!


