“Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы”
Тақырыбы: “Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы”
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Мақсаты: Балалардың зиянды сыртқы әсерлерге қарсы тұру қабілетін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін түсіндіру және оларға қажетті педагогикалық қолдау көрсету.
Сабақтың мазмұны:
Сабақ барысында ата-аналарға қазіргі қоғамдағы балаларға әсер ететін сыртқы факторлар туралы мәлімет берілді, оның ішінде:
-Құқыққа қайшы әрекеттерге итермелеу,
-Теріс мінез-құлық үлгілері,
-Интернет және әлеуметтік желілердің зиянды әсерлері,
-Қоршаған ортадағы жағымсыз ықпалдар.
Сабақ құрылымы:
Кіріспе бөлім:
-Тақырыппен таныстыру және сабақтың мақсатын түсіндіру.
Ақпараттық бөлім:
-Балалардың психологиялық тұрақтылығын дамыту жолдары.
-Жағымсыз әсерлерді ерте тану әдістері.
Тәжірибелік бөлім:
-Ата-аналарға арналған арнайы жаттығулар мен рөлдік ойындар.
-Жағдайлық мысалдар арқылы шешім қабылдауға үйрету.
Қорытынды:
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру және ұсыныстар беру.
Нәтижелер:
Сабаққа қатысқан ата-аналар балалардың сыртқы әсерлерге төтеп беруіне қажетті дағдыларды қалыптастыру әдістерімен танысты. Олар өздерінің рөлін тиімді жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттар мен практикалық құралдарды меңгерді.
Өткізген 6”Ә” сыныбының сынып жетекшісі Оразалиевп Ш

